АИТВ-мен өмір сүру

Бұл парақша АИТВ/ЖИТС мәселесі кімді қозғаса, сол адамдарға – АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, олардың туғандары мен жақындары арналған. Әлемде миллиондаған адам АИТВ-мен өмір сүреді және олар өздерінің өмірлерінің ұзақ та сапалы болуын қалайды. Бұл бөлімде біз клиника, АИТВ-инфекциясын емдеу, дәрігерге тұрақты түрде қаралып тұрудың қажеттілігі туралы ақпараттарды беруге тырыстық. Әрине, біздің сайтымыз аясында барлық ақпаратпен қамтамасыз етудің  мүмкіндігі жоқ, сол себепті сіз әрқашанда дәрігеріңізден жан-жақты ақпаратқа қол жеткізу жайындағы өз құқығыңызды пайдалануыңыза болады. Бұл беттегі материалдар денсаулығыңызды сақтауға, күйзелісті жеңуге, жақын адамдарыңыздың денсаулығына қамқор болуға көмек береді деп үміттенеміз.

АИТВ-инфекциясы диагнозынан кейін еңсесі түскен көптеген адамдарға диагнозды алуға, оны түсінуге, олар үшін АИТВ-мен өмір сүру дегеннің не екендігін ұғынуға уақыт керек болады. Ондаған сұрақтар туындайды, болашақ тіптен белгісіз болып көрінеді. Адам өзінде АИТВ-инфекциясының бар екендігін біліп, өзінің өмірінен күдер үзе, бақылаудан ада бола бастайды. Бірақ адам бақылау сезімінсіз ұзақ жүре алмайды, ол ақырындап өзіне келіп, бәлкім бұрынғыдан да күштірек болу мүмкін. Өкінішке орай, көптеген адамдар АИТВ-мен өмір сүру – бұл ұшы-қиыры жоқ мәселе деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл тек қана бастапқы кезде ғана болады. АИТВ-мен өмір сүретін көптеген адамдарға отбасы, оқу және жұмыс сияқты мәселелер аурудан да маңыздырақ болуы мүмкін. Өз өмірлерін жақсы жаққа өзгерткен пациенттер денсаулығына алаңдай бастап, өздерінің өмірге көзқарасын қайта ой сүзгісінен өткізеді, жаңа басымдықтар мен мақсаттар табады, өздерінің өмірлерінің сапасын жақсартуына ешбір күмән жоқ, толыққанды өмір сүрулеріне өздері жағдай жасайды және оған дәрігерлер барлық мүмкіндіктер бойынша көмектеседі.

Әрине, өмір бұрынғыдай болмайды, мүмкін алдыңғы жоспарлардан айырмашылығы болар, бірақ, есіңізде ұстаңыз, АИТВ-мен өмір ұзақ, толыққанды және нәтижелі болуы мүмкін. Сіздің организміңіздегі АИТВ сізді жаман етпейді, бірақ, өміріңізді өзіңіз үшін жақсы етуге күш беруі мүмкін екендігін ұмытпаңыз.

Емдеу

Заманауи медицина АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ұзақ жылдар бойы өмір сүруге мүмкіндік береді — ғылымның қол жеткізген мүмкіндіктері "АИТВ-инфекциясын" өлімге әкелетін ауру болып табылуын тоқтатуға, оның созылмалы аурулар қатарына енуіне мүмкіндік берді. АИТВ/ЖИТС-ты емдеу кешенді мақсатты ізімен жүреді: организмдегі вирус санын азайту, вирустың көбеюін тоқтату, иммундық қызметтерді сақтау және қалпына келтіру немесе иммун тапшылығы жағдайындағы туындаған оппортунистік инфекцияларды емдеу. Уақытылы және дұрыс тағайындалған ем денсаулықты сақтауға және АИТВ-инфекциясы бар пациенттің өмірін біршама ұзартуға мүмкіндік береді.

АИТВ/ЖИТС клиникасы

Ұзақ уақыт лимфоциттерде, макрофагтарда, жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) нәтижесінде туындайтын инфекциялық ауру. Тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан организмнің жүйкелі және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, ол екіншілік инфекциялар, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп сипатталады, осының бәрі науқас адамның өліміне әкеледі.